Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылы “Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп” КММ-де 2024-2025 оқу жылына enbek.kz порталында төменде көрсетілген лауазымдар бойынша жұмысқа қабылдау туралы конкурсқа өтінімдер қабылданады.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылы “Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп” КММ-де 2024-2025 оқу жылына enbek.kz порталында төменде көрсетілген лауазымдар бойынша жұмысқа қабылдау туралы конкурсқа өтінімдер қабылданады.
Бос орындар туралы ақпарат:
1. Хатшы (1 бос орын)
2. Логопед маман (1 уақытша бос орын, толық күн)
3. Дефектолог маман (1 уақытша бос орын, толық күн)
4. Информатика пәнінің мұғалімі (1 уақытша бос орын, толық күн)
5. Тарих пәнінің мұғалімі (1 уақытша бос орын, толық күн)
6. Математика пәнінің мұғалімі (1 уақытша бос орын, толық күн)
7. М.А.Д. тәрбиеші (1 уақытша бос орын)
📌уақытша* деп көрсетілген пәндер декреттік демалысқа кеткен мұғалімдердің орнына
🖇️Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды нұсқада және қағаз түрінде мекемеге тапсыру керек:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; (Жоғары білімі туралы диплом)
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); (Еңбек кітапшасы)
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог санатынан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
9) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
10) Кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
11)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми/әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
❗️Ескерту
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.