КГУ"Средняя школа имени Ж. Барибаева" Государственного учреждения "Отдел образования по Карасайскому району Управления образования Алматинской области"
Бүгін мектебімізде мектеп медбикесі Нуркасынова Н. “Жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмаудың алдын алу” тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. #ОРВИ #ЖРВИ
Қаңтар айында “Адал ұрпақ” клубының ұйымдастыруымен “Жемқорлыққа жол жоқ!” тақырыбында 6-8 сынып оқушыларымен бірігіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жоғары 9-11 сынып оқушыларынан “Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті” тақырыбында шығарма жазу жұмыстары өткізілді.
15.01.2025ж. Дебат фракциясының жұмыс жоспарына сәйкес, дебат тобының жетекшілері: Құдайбергенова Ә. Нұрқасынова І. ұйымдастыруымен “Білім артық па, байлық артық па?” пікірсайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ойларын еркін және логикалық түрде жеткізу қабілеттерін дамыту.
2025 жылдың 15 қаңтар күні ДТІЖО Б. Сұлтанәлі 9-11 сынып ұлдарына “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбы бойынша презентация көрсетіп, мектепішілік ішкі тәртіп ережесін және мектеп формасын сақтау, сабаққа кешікпей келу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
15.01.2025ж. Тоғыз айға - 9 іс-шара “Қазақ есебі” жобасы аясында алгебра, геометрия пәнінің мұғалімі Карабалаев Р. 8-сынып оқушыларына сабақ өткізді. Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету Міндеттері: ✓ Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту; ✓ Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту; ✓ Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету. #яматематик #математикаижизнь #есепшығару #креативноемышление